Түркияда қатты жер сілкінісі болды

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның Эгей теңізі жағалауында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
None
None

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) сайты хабарлағандай, жерасты дүмпуі сегізінші тамызда жергілікті уақытпен 11:39-да тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Кушадасы айлағынан 8,19 шақырым қашықтықта болған.

Зілзала ошағы 18,47 шақырым тереңдікте орналасқан.

Соңғы жаңалықтар