Түркияда қауіпсіздік мақсатында Еуропаның жоғары лауазымды басшыларының ұшақтары кешіктірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еурокомиссия басшысы Жан-Клода Юнкер мен Еурокеңес басшысы Дональд Тусктің ұшақтары Түркия әуежайында қауіпсіздік шаралары үшін кешіктірілді, деп хабарлады «РИА Новости».
ЕК өкілдерінің ақпаратынша, еуропалық көшбасшылар Анталиядағы G20 кездесуінен кейін Түркиядан «Belgian Air Force» әуекомпаниясы ұсынған жеке ұшақтарымен ұшып шығып, Брюссельге баруы тиіс болған. Алайда, лауазымды басшыларға қауіпсіздік мақсатында уақытынан кешігіп, басқа ұшақпен ұшып кету ұсынылған. Бұл мәселеге қатысты Түркия арнайы қызметі тексеру жұмыстарын бастады.