Түркияда Қазақстан жастар құрамасы қатарынан екі ойында жеңіске жетті
Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында аға жаттықтырушы Талғат Байсуфинов жаттықтыратын 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы екінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Екінші жолдастық кездесуде біздің футболшылар Грузияның «Динамо Тбилиси» командасының екінші құрамымен ойнап, 1:0 есебімен басым түсті. Ойын тағдыры матчтың соңғы минутында шешілді.
Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған қорғаушы Сағадат Тұрсынбай. Ол жартылай қорғаушы Ринат Жұматовтың айып соққысынан шығарған пасын қақпаға бағыттады.
Қазақстан жастар құрамасы ойынды екі түрлі құраммен өткізді.
Қазақстан U-21 - «Динамо Тбилиси - 2» 1:0
Гол: Тұрсынбай 89
Бірінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Трофимец, Қыбырай (Сарбай), Батырханов, Орынбасар, Галбаев, Жахаев, Сламбеков (Әбденәби), Жагоров, Наджарян, Сейітханов, Өміртаев.
Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Закиров, Әлімбаев, Әбілғазы, Мәжитов, Тұрсынбай, Қалмұратов, Шәмші, Антипов, Жұматов, Федин, Сәрсенов.