Түркияда көлік апатына ұшыраған қазақстандық өзінің жағдайын айтып берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Түркия елінде жол-көлік апатында жарақаттанған қазақстандықтардың бірі Асыл Сағындықованың анасы Сәуле Сағындықова баласы үшін қатты алаңдап отыр. Неше күннен бері жанын қоярға жер таппаған ана да аздап сырқаттанып қалыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сәуленің   қазіргі  бар тілегі баласының елге аман оралуы. Ол науқас балалардың Қазақстанда барлық қажетті ем-дом алатынына сенімді. Оның  айтуынша, қызының қазіргі жағдайы  бірқалыпты  болғанымен оларға тек ауруды жеңілдететін дәрілерді беріп жатыр. 

«Қан қысымым біресе көтеріліп, біресе түсіп өзім де ауырыңқырап тұрмын. Балалар аман-есен елге оралып, осы өзіміздің елден керекті ем-домын алса, соған қуанар едік. Қазір оларға нақты ем жасап жатқан жоқ. Тек ауруларын жеңілдетіп жатыр. Бар тілегім, қызым аяғынан тұрып,  қатарына қосылса деймін.  Ешкімнің басына мұндай жағдай бермесін», - дейді Сәуле Сағындықова. 

Ал сол жантүршігерлік апатқа ұшыраған Батырхан Қайырбаев қазір Талдықорғанда. Ол да достарының елге аман-есен жетуін тілеп, алаңдап отыр.

«Бүгін мен достарыммен хабарласа алмадым. Барлық жаңалықты интернет беттерінен біліп отырмын. Мен сол көлік апаты болғаннан кейін Қазақстанға оралған үш баланың  бірімін. Елге оралуыма  анам  көмектесті. Кері қайтуыма ақша жіберді. Ал көлік апаты болғанда мен машинаның артқы жағында отырдым, шынымен құдай сақтады. Қазіргі жағдайым жақсы», дейді Батырхан Қайырбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 21-қыркүйекте Түркияның  Кемер қаласы маңында болған жол апаты салдарынан 7 қазақстандық ауруханаға түскен еді. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек пен хирургиялық ота жастардың жанын сақтап қалды. Сондай-ақ бұған дейін  Түркияда жол апатынан зардап шеккен төрт қазақстандық бүгін Алматыға азаматтық авиациямен ұшып келетін хабарлаған болатынбыз.  

null 

Соңғы жаңалықтар