Түркияда көпір құлады, 15 адам із-түзсіз жоғалды деп жарияланып отыр
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстігіндегі өзендердің бірінің үстімен өтетін көпірдің құлауы салдарынан 15 адам із-түсіз жоғалды деп жарияланып отыр.
Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазды ИТАР-ТАСС.
Оқиға Зонгулдак провинциясында орын алды. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, көпірдің 100 метрлік учаскесі қирады. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жеңіл көлік, оның ішінде шағын автобус өзенге құлады.
Төтенше жағдай орын алған жерде жүргізіліп жатқан құқтару жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы мен өзеннің тез ағуы кедергі келтіруде.