Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 18-ге жетті

АНКАРА. ҚазАқпарат – Анадолы – Түркияда жаңа үлгідегі коронавирус (Covid-19) жұқтырудың тағы 12 жағдайы тіркелді, деп жазды Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фаахреттин Коджа Твиттерде. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 18-ге жетті

Осылайша, елде ауру жұқтырғандар саны 18 адамға жетті.

«Жаңадан ауру жұқтырғандар саны 12 болды. Қазіргі уақытта науқастардың жалпы саны – 18 адам», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже берген екі науқас Түркияда COVID-19 вирусын бірінші жұқтырғандармен байланыста болған.

Коджаның айтуынша, ауру жұқтырғандардың жетеуі - Еуропа елдерінде, үшеуі – АҚШ-та болған.