Түркияда күрд содырлары әскери қосынға оқ жаудырды, 26 адам мерт болды
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында қарулы қақтығыс болды.Күрд содырларының ұйымдасқан тобы түріктердің әскери қосынына шабуыл жасады,
деп хабарлады РБК.
Миномет, гранатомет және өзге де атыс қаруларынан оқ жаудырудың салдарынан 8 әскери қызметкер өлтіріліп, 16-ы жарақат алды. Қарсылық көрсетіліп, 18 лаңкестің көзі жойылды.
Түрік-иран шекарасында орын алған кезекті оқиға Анкараны дүр сілкіндірді. Мексикада жұмыс сапарымен жүрген елдің Премьер-Министрі Тайип Раджеп Эрдоган күрд содырларымен күресті күшейтіп, істі аяғына дейін жеткізуге уәде берді. Ол содырлардан қақтығысты тоқтатып, қаруларын тастауға шақырды.
«Ерте ме кешпе бәрібір біз жеңеміз. Лаңкестер қаруларын қолданудан бас тартқандары дұрыс, олардың басқа амалы жоқ», - деді ол журналистерге.
Бұл шабуылға байланысты шұғыл жағдайда республиканың министрлер кабинеті шақырылды. Оның тапсырмасы бойынша шабуыл жасалған ауданға жоғары лауазымды әскерилер бастаған арнайы комиссия жіберіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың тамыз айынан бастап Түркияның оңтүстік-шығысында түріктер мен осы жерде тұратын күрдтер арасында қақтығыстар орын алып келеді. Әскери қосындарға және әскери бақылау өткізу орындарына жасалған бірнеше шабуылдардың салдарынан 30-дан астам сарбаз және полиция қызметкерлері өлтірілді. Ал ресми билік өкілдері ирак аумағының лагерьлеріне қарсы шабуылдармен жауап берді.