Түркияда күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Түркияда қатты жер сілкінісі болды. АҚШ Ұлттық геологиялық орталығы жер сілкінісінің күшін 6 балл деп бағалады.

Түркияда  күшті жер сілкінісі болды

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлаған.

Жер дүмпулерінің кіндігі Усак қаласынан 53 шақырым жерде 4.6 шақырым тереңдікте болған. Цунами қауіпі туралы әзірге ақпарат келіп түскен жоқ.

Полиция өкілдеріне сілтеме жасай отырып Associated Press агенттігінің хабарлағанындай, зілзала салдарынан елдің батысында 20 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты.

Көз жұмғандардың бірі терезеден секіріп кеткен ер адам болса, жасы келген әйел адам жүрек талмасынан көз жұмған.

2010 жылдың 8 наурызы күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісі 60 адамның өмірін қиып, 100-ге жуық адам жарақат алған еді.