Түркияда лаңкестік әрекеттердің алды алынды: 32 адам тұтқындалды

АСТАНА.  Қазанның  16-сы.  ҚазАқпарат -  Түркия өкіметі   ел  аумағында  орналасқан  НАТО  нысандары  мен  Израиль  миссияларының аумақтарында  лаңкестік әрекеттер   жоспарлады  деген  күдікпен   32 адамды қамауға алды,  

Түркияда лаңкестік әрекеттердің алды  алынды:  32 адам тұтқындалды

 деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Күдіктілер   Түркияның Ыстамбұл,  Ван,  Ерзурум,  Батман және  Конье қалаларында      қатар жүргізілген     ауқымды  арнайы операцияның  барысында    ұсталып  отыр.    Елдің  арнайы  қызметтері  ол  азаматтарға    «Әл-Кайедамен»  байланысты деген  күдік  келтіруде.

Түркия  бірнеше  рет   «Әл-Кайеда»  жасақтарының   лаңкестік  шабуылдарына   ұшыраған болатын.  Атап айтқанда,  2003 жылы    елдегі  Британ консулдығы  мен   британдық банк  ғимараттарында  болған   жарылыстардың салдарынан бес адам  қаза тапқан  еді.  Сол    шамада  екі синагога  жарылып,  онда  да  30 адам опат    болды.