Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін тағы 6 мың адам жұмысынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік билігі 2016 жылғы шілдеде орын алған елде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар күдіктілерді жұмыстан шығаруды жалғастыруда. Тағы 6 мың адам жұмысынан айырылды, деп хабарлады Лайф.ру.

Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін тағы 6 мың адам жұмысынан айырылды

Әңгіме  2687 полицей, 1699 әділет министрлігінің қызметкері,   838 денсаулық сақтау қызметкері, 630 ғалым және  135 дін қайраткерлері жайында.

Мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін барлығы 120 мың адам жұмыссыз қалса, 41 мыңнан астам адам бас бостандығынан айырылды.