Түркияда мереке күндері жол апатынан 67 адам көз жұмған

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Құрбан айт пен Түркиядағы демократия және ұлттық бірлік күніне орай мерекелерде көлік қозғалысы көп болды. Бұл көптеген адам шығынына әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Жыл сайын түрік азаматтары ұлттық дәстүр бойынша «мемлекет» деп аталатын туған ауылдарындағы ата-аналары мен жақындарына бару немесе танымал туристік орындарға саяхатқа шығу үшін ұзақ демалыс күндерін асыға күтеді.

Өкінішке қарай, көлік қозғалысының осыншама артуы азаматтарды келеңсіз салдарға әкеліп соқтырады. Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті жүргізушілер жол ережесін жиі елемей, қауіпсіздік белдіктерін тақпай, жылдамдықты шектен асырып жібереді.

Ел билігі жол апаттары мен жазатайым оқиғаларды азайту үшін белсенді түрде шаралар қабылдауда. Соңғы жылдары қарсы қозғалыс жолақтары арасында міндетті бөлгіштері бар жаңа автотрассалар салынуда. Көптеген аймақтарда жылдамдықты бейнетіркеуге жазатын жүйе жұмыс істейді. Ол белгілі бір сәтте автомобильдің жылдамдығын ғана емес, сонымен қатар оның 150-200 км-дегі орташа жылдамдығын есептейді, бұл туралы жүргізушіге жолдағы ілулі тұрған таблолар арқылы хабарланады және ереже бұзылған жағдайда автокөлік иесіне автоматты түрде қомақты айыппұл жазылады.

Түркияның ішкі істер министрлігі өткен мереке күндері 7-18 шілде аралығында бүкіл ел бойынша 53 жол-көлік оқиғасы салдарынан жалпы саны 67 адам көз жұмып, 24 жолаушы түрлі дәрежедегі жарақат алғанын атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, биыл өлім жағдайларына әкеліп соққан жол апаттарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% - ға және соңғы 10 жылда 56% -ға қысқарған.


Соңғы жаңалықтар
telegram