Түркияда мешітте ілініп тұрған аспашам құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Кайсери қаласында мешіттегілердің үстіне аспашам құлап кетті, деп хабарлайды 24.kz Haberturk телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Оқыс оқиғадан 11 адам зардап шеккен. Куәгерлер аспашамның мешітке бүгін ғана ілінгендігін айтады. Алайда дәл уағыз айтылып жатқан уақытта құрылғы адамдардың үстіне құлап түскен. Зардап шеккен адамдарға оқиға орнына келген медицина қызметкерлері тиісті көмек көрсетті.