Түркияда найзағайдың салдарынан отқа оранып, жерге қонған ұшақ ВИДЕОҒА түсірілді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстамбұл-Измир бағыты бойынша ұшқан Turkish Airlines әуекомпаниясының рейсі қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады.

Түркияда найзағайдың салдарынан отқа оранып, жерге қонған ұшақ ВИДЕОҒА түсірілді

Жерге қонуға жақын қалған ұшаққа жай түсті, соның салдарынан ұшақтың қозғалтқыштарының бірі отқа оранды. Келтірілген зақымға қарамастан ұшақтың экипажы басқару тетігінен айырылмай, жерге қондырды, деп хабарлады NEWSru.com.

Airbus A-321 ұшағы Ататүрк атындағы Ыстамбұл халықаралық әуежайынан бейсенбі күні сағат 23:15-те ұшып шыққан. Ұшақтың ұшуы жерге қонғанға дейін қалыпты режимде атқарылды. Алайда 112 жолаушы мінген ұшақ жерге қонуға дайындалар кезде оның оң жақ қозғалтқышына жай түскен. Турбина әп-сәтте отқа оранды, деп хабарлады Haber Turk.

Бортта болған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.