Түркияда немерелерін бағатын әжелерге жалақы төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда балалары жұмыс жасағанда, немерелерін бағатын әжелерге жалақы төленетін сынамалы жоба іске қосылады, деп хабарлайды Trend.

Түркияда немерелерін бағатын әжелерге жалақы төленеді

Түркияның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мехмет Муаззиноғлының айтуынша, жоба ағымдағы жылдың наурыз айында басталады. Жобаның мақсаты - әйелдерді  жұмыспен қамтамасыз етіп, толық жұмыс күніне ауысуға мүмкіндік тудыру, деп мәлімдеді ол жұма күні.

«Жоба төрт провинцияда басталады, бастапқы кезеңде 5 мың отбасы қамтылады. Алты айдан кейін сараптаманың нәтижесіне орай, Түркияның басқа да провинцияларында жүргізіледі», - деп айтылады хабарламада.

Белгілі болғандай, әжелердің еңбекақысы ең төменгі жалақының 30%-ын құрайтын болады. Түркияда ең төменгі жалақы 2017 жылы 1404 түрік лирасын құрайды.

Түркия статистикалық институтының дерегіне сүйенсек, елде әйелдердің 33%-ы жұмыс жасайды.