Түркияда оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс кезінде 25 әскери қызметкер ажал құшты
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркияның Афьонкарахисар қаласында оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды, деп хабарлады РБК.
Бүгін елдің Қарулы күштер Бас штабы хабарлағандай, орын алған оқиғаның салдарынан 25 әскери қызметкер қаза тауып, 4-уі жараланды, деп жазды Reuters.
Жарылыс жуырда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 21:00-де қол гранаталары сақталған жерде орын алды.
Оқиғаның себеп-салдары әзірге анықталған жоқ.