Түркияда оқ тиіп жараланған қазақ жігіті ауруханадан шықты

None
Фото: facebook.com/aibek.aibekov
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігіті ауруханадан шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кішкентай бүлдіршінді емдету үшін Түркияға барған Қазақстан азаматына оқ тиген болатын. Ол барған ауруханада оқты денесінен алуға 18 мың АҚШ доллар сомасында есепшот қойған. Біздің диломаттардың араласуымен бұл операция тегін жасалды. Қазіргі кезде Қазақстан азаматы ауруханадан шықты», - деді А. Смадияров елордадағы баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректер бойынша аталған азаматтың қызын емдеуге қаражат жиналып жатыр. Ол рак ауруына шалдыққан.

«Менің білуімше, 200 мың АҚШ долларына дейін қажет. Екі-үш күннің ішінде соның жартысының жартысы жиналып қалды», - деді ресми өкіл.

Бұған дейін Ыстанбұлда атыс болып, Қазақстан азаматы жараланғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар