Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияда өлтірілген ресейлік елшінің ісіне қатысты бес адам тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда полицейлер Анкарада өлтірілген ресейлік елші Андрей Карловтың ісін тергеу аясында бес адамды тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда өлтірілген ресейлік елшінің ісіне қатысты бес адам тұтқындалды

Карлов 19 желтоқсан күні Анкарада фотокөрменің ашылу салтанаты барысында атып өлтірілген болатын.

Түрік билігінің мәліметінше, шабуылды полиция қызметкері Мевлют Мерт Алтынташ жасаған, жергілікті қауіпсіздік күштері оның көзін сол жерде жойған болатын. Ресей Сыртқы істер министрлігі оқиғаны теракті деп атады. РФ Тергеу комитеті «халықаралық терроризм актісі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Хабарланғандай, тұтқындалған бес азаматтың төртеуі Алтынташпен бірге ішкі істер органдарында жұмыс істегендер. Бесінші тұтқындалған - оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленнің (FETÖ) ұйымының белсендісі.

Прокуратураның нұсқасы бойынша, FETÖ тәлімгері Сулейман Эрген болып табылады. Ұсталған полиция қызметкерлерінің аты-жөндері де жария етілуде: Илькер Эр, Абдулькадир Ягин, Эрдоган Эрдинчли және Зийа Шехиотглу. Оларға «қаруланған террористік ұйымның қатарында болу» деген айып тағылды.

© AP Photo/ Burhan Ozbilici