Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияда оппозиция басшысына қастандық жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның халықтық-республикалық партиясының төрағасы Бюлент Тезджанға сенбі күні Түркияның Айдын провинциясында қастандық жасалды.

Түркияда оппозиция басшысына қастандық жасалды

Бұл туралы Түркияның Hürriyet басылым жазды.

Басылымның мәліметтерінше, белгісіз біреулер мейрамханада отырған жерінен Тезджанның аяғынан оқ атқан.

Бұдан соң саясаткер ауруханаға жеткізілді.

Жарақаттың оның өміріне қауіп тудырмайтындығы айтылуда.

NTV телеарнасының хабарлауынша, полиция қастандық жасаған азаматты тұтқындады. Сонымен бірге оның кім екені де белгілі болды. Ол Түркия тұрғыны Альпарслан Саргын болып шықты.

Түркияның халықтық-республикалық партиясын 1923 жылы Кемаль Ататүрк құрған болатын.