14:57, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Түркияда парламент вице-спикері ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұлда Түркия билігі республика парламентінің вице-спикері, күрдтердің Халықтар демократиясы партиясынан шыққан депутат Первин Булданды ұстады, деп хабарлады ТАСС агенттігі Habertürk телеарнасына сілтеме жасап.

Депутатты өз үйінен алып кеткен.
Сондай-ақ, полицияның қамауға алғанын Булданның өзі растап, бұл туралы Twitter-дегі ресми парақшасына жазды.
Соңғы екі айда Түркия билігі Күрдтер партиясының оннан астам мүшесін лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алды. Қазіргі уақытта партияның тең төрағалары Селахаттин Демирташ пен Фиген Юксекдаг және жеті парламентші қамауда отыр.