Түркияда парламенттік сайлауға дауыс беру аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда 25-ші шақырылымның парламенттік сайлауына дауыс беру аяқталды. Елдің Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.

Түркияда парламенттік сайлауға дауыс беру аяқталды

Аймақтық сайлау комиссиялары бюллетендерді санауды бастады.

Қорытынды шығарылған хаттамалар бірден Орталық сайлау комиссиясына жөнелтіледі. Сол жерден нәтижесі жарияланады. Себебі, заң бойынша сайлау қорытындысын БАҚ-та әзірге жариялауға тыйым салынған.

Жалпы, Түркиядағы парламенттік сайлау тыныш, қауіпсіз жағдайда өтті.