Түркияда Президент пен Парламент сайлауында дауыс беру аяқталды

Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер дауыс беру барысында келеңсіздіктер болмағанын мәлімдеді.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, 17:00-де жабылды. Елде дауыс беру үшін 191 885 жәшік орналастырылған еді.
Түркияда және шет мемлекеттерде 64,1 млн сайлаушы дауыс берді. 4,9 млн адам алғаш рет дауыс берді. Сайлаушылар жеке басын куәландыратын жалғыз ғана құжатпен дауыс бере алатын еді. Сайлаушыларға екі бюллетень берілді, біреуі президентке, екіншісі парламент депутаттарына дауыс беру үшін.
Түркияның Орталық сайлау комиссиясы ақпан айында болған жер сілкінісінен зардап шеккен 11 провинцияда дауыс беру үшін барлық қажетті шараларды қолданды.
Шетелдің сайлау учаскелерінде 3,4 млн сайлаушы дауыс бере алады. Олар үшін 73 мемлекет пен 156 шетелдік өкілдікте сайлау комиссиялары жасақталды. Түркияның шетелдердегі өкілдіктеріндегі дауыс беру процесі 9 мамыр күні аяқталды.
Түркиядағы Президент сайлауына үш кандидат қатысып жатыр. Олар іс басындағы президент Режеп Тайип Ердоған, оппозициялық Халық-республикалық партиясының лидері Кемаль Кылычдароғлы және «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган.
«Отан» партиясының төрағасы, Түркия президенттігіне кандидат Мухаррем Индже өзінің кандидатурасын алатынын 11 мамыр күні мәлім етті.
Сайлауға қатысу үшін 24 саяси партия мен 151 тәуелсіз кандидат тіркелді.
Егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың басым бөлігін жинай алмайтын болса, 28 мамырда екінші тур өтеді.