Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияда ірі діни қауымдастық жетекшісінің ағасынан 200 келі алтын анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркиядағы «Сүлейманджилар» діни қауымдастығына қатысты тергеу аясында көп мөлшерде алтын мен қолма-қол ақша тәркіленді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

200 кг золота обнаружили у брата лидера крупной религиозной общины в Турции
Фото: milliyet.com.tr

«Сүлейманджилар» (сүлейменшілер) – теолог Сүлеймен Хильми Тунаханның ілімдерімен байланысты түріктің ірі діни қауымдастығы. Ұйым елдегі діни білім беру мекемелері мен жатақханалар желісімен танымал. 

Алайда Түркиядағы «Сүлейманджилар» діни қозғалысына қатысты тергеу және ауқымды арнайы операция ірі көлемдегі қаржылық қылмыстар, алаяқтық және ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдіктеріне байланысты жүргізіліп жатыр.

Алтын қауымдастық жетекшісі Әлихан Куриштің ағасы Хилми Туна Куришпен байланысты мекенжайда тінту кезінде табылды. Хилми Туна Куриштің өзіне іздеу жарияланды. 

Түркияның құқық қорғау органдарының мәліметінше, табылған алтынның құны 1,34 млрд түрік лирасына бағаланып отыр – бұл 30 млн доллардан асады. Тергеушілер алтын құймаларының шығу тегін анықтап, ұйымның қаржылық ағынын тексеріп жатыр. 

Тергеуді Анкара полициясы прокуратураның үйлестіруімен жүргізіп жатыр. Аталған іс аясында барлығы 38 адам ұсталды, олардың 32-сі қамауға алынды, ал тағы алтауы сот бақылауында.

Осыған дейін Түркияда ДАИШ-пен (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым — ред.) байланысы бар деген күдікпен 104 адам ұсталғанын хабарладық.