Түркияда ресейлік туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

АСТАНА.  Тамыздың   22-сі. ҚазАқпарат  - Жұма күні Түркияда    екі   автобустың соқтығысуы салдарынан орын алған  жол-көлік  оқиғасының салдарынан    ресейлік 11 турист    зардап шекті,

Түркияда      ресейлік  туристер мінген    автобус  жол апатына  ұшырады

  деп   хабарлайды РБК агенттігі.

 Жол-көлік оқиғасы   мәскеу уақыты  бойынша  сағат 9.00-да болған.  Алдын-ала мәліметтер  бойынша,         үлкен жолда   микроавтобус пен Анталиядан  Манавгатқа бара жатқан    рейстік автобус соқтығысып қалған.

 Зардап шеккен  туристердің барлығы Сиде  қаласының ауруханасына  жатқызылды.      Алдын-ала мәліметтер бойынша,   олардың төртеуінің жағдайы  ауыр.