Түркияда шілдеде ірі бұршақ жауды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысында Ардаган провинциясында кеше қатты бұршақ жауды.

Ардагандағы Ататүрік ауданы әкімшілігінің басшысы Ибрагим Озер «Анадолы» агенттігіне хабарлағандай, ауданда қатты жауы, соңы бұршаққа айналған.

«Бұршақ провинцияның көптеген тұрғындарының мүлкіне зақым келтірді», - деді Озер.

Жергілікті тұрғындар мүліктеріне келтірілген зақымды өтеу туралы тиісті орындарға өтініш жасауға ниетті.

Синоптиктер Карс, Агры, Эрзерум, Игдыр және Ардаган провинцияларына нөсер жауып, күн күркірейді деп болжауда.

Соңғы жаңалықтар