Түркияда содырлар әскерлерге шабуыл жасап, 8 адам қаза тапты
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат -Түркияның оңтүстік шығысында күрт содырларының шабуылынан болды деп отырған қақтығыста түрік әскерінің сегіз жауынгері мерт болды,
деп хабарлайды жергілікті билікке сілтеме жасай отырып Би-Би-Си.
Тағы бірнеше әскер ирак шекарасының маңындағы Хаккари провинциясында болған атыстан жарақат алды.
Ел Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган жақында ғана үкімет күрд содырларына қатысты қатаң шараларды қолға алады деп ескерткен болатын.