Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы бес есе өсті
Түркияның денсаулық сақтау министрі 50 жастан асқан және қауіпті топтағы азаматтарға жүгініп, егер екпе алғаннан бері алты айдан астам уақыт өткен жағдайда оларды қайта ревакцинациядан өтуге (қайта екпе алуға) шақырды.
Өткен аптада Түркияның дәрігерлер одағы ел басшылығына сырқаттанушылықтың өсу жағдайына қарай шектеу шараларына оралуды ескертті. Ұйым жабық ғимараттарда бетпердені міндетті түрде киюді енгізуді, балаларды вакцинациялауды бастауды, індетке тестілеуді қамтуды және аурудың жағдайы туралы мәліметтерді апта сайын емес, күнделікті жариялауды ұсынды.
Коронавирустың (BA.5) омикрон штаммының тағы бір симптомы белгілі болды. Ұлыбританияның иммунолог- профессорының айтуынша, бұл белгі ересектерде де, балаларда да пайда болуы мүмкін.
Бұл түнгі терлеу туралы болып тұр. Маман оның соншалықты күшті болуы мүмкін екенін, яғни терлегеннен жатын киімдері мен төсек-орындарының да дымқылданып кететінін атап өтті. Сонымен қатар ол бұның жоғары температураға еш қатысы жоқ екендігін айтты.
Қазір коронавирус белгілері мен ағымы бойынша басқа ЖРВИ-ден ажыратылмайды, алайда ол әртүрлі аурулардың қозуына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, ол әртүрлі тромбоэмболиялық асқынулардың дамуымен жүрек-тамыр жүйесі, тірек-қимыл жүйесі, тері, өкпе, әртүрлі аутоиммунды аурулардың манифестациясын немесе қозуын тудыратын қиын ауру болып қала береді.
Таза ауада серуендеп, тыныс алу жаттығуларын жасап, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді пайдалану, аурудан кейін қайта қалпына келуге көмектеседі. Егер аурудың белгілері ұзаққа созылса, онда өзі бұрын білмеген аурудың өршуіне алып келуі мүмкін жағдайға тап болмас үшін науқас дәрігермен кеңесу керек.