Түркияда сот ғимаратында полицейді атқан адам өзін-өзі өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстік-батысында полицейдің өмірін қиған ер адам өзін-өзі атып өлтірді. Полиция оқыс оқиғаны террорлық акті емес деп есептейді.
Бұдан бұрын түрік БАҚ-тары Гемлик қаласындағы сот ғимаратында белгісіз біреу оқ жаудырғандығын хабарлаған болатын.
Ер адам полиция офицерін аңшылық мылтықпен атып өлтіріп, адвокатты жаралаған, сондай-ақ оппозициядағы Түркия Халықтық-республикалық партиясының белсендісін кепілге алған еді. Оның тағдырының қандай болғандығы әзірге белгісіз.