13:36, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Түркияда сотталған қазақстандықтардың өз отанында жазасын өтеуіне мүмкіндік туды
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы сотталған тұлғаларды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.

«Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған келісімге осыдан 3 ай бұрын ҚР Бас прокурорының Анкараға сапары аясында қол қойылған. Ол Түркияда сотталған біздің азаматтарға отанында жазасын өтеуге мүмкіндік береді. Мәселен, қазіргі уақытта Түркия түрмелерінде Қазақстанның 2 азаматы жазасын өтеуде. Атап айтқанда, Рүстем Мамаев 5 жылға, Дмитрий Малеев 12,5 жылға сотталған. Қаралып отырған келісім ратификацияланған жағдайда бұл азаматтарды Қазақстанға қайтару мүмкіндігі туады. Мұндай жайт Қазақстанда жазасын өтеп жатқан Түркияның 3 азаматына да мүмкіндік береді», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.