Түркияда тағы бір жер сілкінісі болды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Түркияның шығысында 6,1 балдық тербелісті қуатты тағы бір жер сілкінісі болды.
Reuters-ке сілтеме жасай отырып РБК агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы 9,8 шақырым тереңдікте және Ван қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан.
Сондай-ақ агенттік бүгін болған зілзаладан қаза тапқандардың саны артқанын хабарлайды.
Түркия сарапшыларының мәліметінше, опат болғандардың саны 500-ден 1000 адамға дейін жетуі мүмкін.