Түркияда теңіз тасбақаларына арналған аурухана ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігінде теңізге жақын маңда тасбақаларға арналған аурухана салынбақ, деп хабарлайды Росбалт.
Жерорта теңізінде тіршілік ететін, жоғалудың аз-ақ алдында тұрған тасбақалар Измир аумағында жұмыртқа салады. Ал осындағы Истузу жағажайын «тасбақа жағажайы» деп те атайды. Ол 1988 жылдан бері қорғауға алынған. Орман және су ресурстары министрлігі аурухана құрылысына арнап жағажайға жалғасып жатқан аумақтан 2,2 гектар жер телімін бөлді.