Түркияда теракт дайындады деген айыппен 7 ресейлікті соттағалы жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар, сонымен қатар Түркия аумағындағы теракті дайындады деген айыппен тоғыз адам, соның ішінде жеті РФ азаматы сот алдында жауап берді. Бұл туралы Hurriyet газеті жазды, деп хабарлайды ТАСС.

Түркияда теракт дайындады деген айыппен 7 ресейлікті соттағалы жатыр

Күдіктілер 2016 жылдың маусым айында шабуыл жасауды жоспарлаған, бірақ Түркияның арнайы қызметі тұтқындады. Олар 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Айыптау қорытындысына сәйкес, теракт 50 келіге дейін жарылғыш заттарды көтере алатын ұшақтар арқылы жасамақ болған. Ол Сирияның шекарасындағы Шанлыурфа провинциясынан Ыстанбұлға жөнелтілінген.

Басылым атап өткендей, сот орындығында Зелимхан Цайсаев, Аза Бепджахоба, Зукра Борчашвили, Салман Дакаев, Киури Хацаев, Бекхам Алимханов, Хассан Орстхо, Фуат Гюнеш пен Фатьма Алтынташ отыр.