Түркияда төңкерістен кейін 8 мың полицей қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы төңкерістен кейін 8 мыңға жуық полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Жергілікті БАҚ 103 жоғары лауазымды әскерилер - генералдар мен адмиралдар ұсталғанын хабарлады. Анадолу агенттігінің хабарлауынша, олардың 41 ұсталды, қалғандарына қатысты заңгерлік үдерістер жалғасып жатыр.
Агенттік атап өткендей, ӘӘК бұрынғы қолбасшысы Ақын Өзтүрікпен бірге 27 генерал мен адмирал Анкарадағы әділет сарайына жеткізіліп, сот алдында жауп беруге дайындалып жатыр.
Қызметтен босатылған полицейлердің ұсталғаны туралы хабарланбады.
Түркиядағы сәтсіздікке ұшыраған төңкерістен кейін әскерилер қамауға алына бастады. 17 шілдеде қамауға алынған әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлердің саны алты мыңға жетті.
Әділет министрі Бекир Боздаг атап өткендей, ұсталғандардың ішінде жоғары командалық құрам мүшелері мен судьялар, соның қатарында жоғары сот судьясы бар.