Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркияда туристер мінген әуе шары апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Невшехир (саяхатшылар арасында танымал Каппадокия өңірі) қаласында туристер мінген әуе шары апатқа ұшырады, деп хабарлайды Lenta.ru.

 Түркияда туристер мінген әуе шары апатқа ұшырады

Қатты желден әуе шары жоғары вольтты сымдарға соқтығысқан. Салдарынан бір адам ажал құшып, 20-дан астам адам жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

РИА Новости Невшехир полициясына сілтеме жасап, франциялық саяхатшының қаза тапқанын хабарлады. Жолаушылардың арасында франциялықтар, колумбиялықтар және түріктер болған.