Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 20 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-батысындағы Мармарис қаласы маңында туристер мінген автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды батыс БАҚ-тары провинцияның губернаторы Мугла Амир  Чичекке сілтеме жасап.

Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 20 адам ажал құшты

«Өкінішке орай, біздің 20 адамымыз мерт болды, тағы 11-і ауыр жарақаттанды»,-деді ол.

Жергілікті биліктің деректеріне қарағанда,  автобуста түрік туристері болған. Измирден шыққан көлік Мармариске бара жатқан. Жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жолдағы қоршауды бұза-мұза шыңырауға құлаған.