Түркияда туристік автобус апатқа ұшырады, бес адам қаза тауып, 32 адам жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында туристік автобустың жол-көлік апатына ұшырауы салдарынан бес адам қаза тауып, 32 адам жарақаттанды. Бұл туралы бейсенбі күні Hurriyet газеті хабарлайды.

Түркияда туристік автобус апатқа ұшырады, бес адам қаза тауып, 32 адам жарақаттанды

Туристерді Ыстамбұлдан Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Дарданел іс-қимылдары кезінде қаза тапқандардың ескерткішіне апарып келе жатқан автобус жолда аударылып қалғаны хабарланып отыр. Жол апатында зардап шеккендердің барлығы Түркия азаматтары болып табылады.

Зардап шеккендер Чанаккале қаласындағы жақын орналасқан ауруханаларға жеткізілді. Жол апатының себептерін тергеу амалдары басталды.