Түркияда зауытта болған апаттан үш адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның солтүстігіндегі Самсун провинциясында орналасқан зауытта болған өндірістік апат салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Report.

Түркияда зауытта болған апаттан үш адам мерт болды
Фото: Report

Оқыс оқиға зауыттың ағынды сулар жиналатын резервуардағы су сорғысын жөндеу кезінде болған.

Үш жұмысшыны электр тоғы соғып, олар алған жарақатынан көз жұмған. Оқиға орнына келген құтқарушылар олардың денесін резервуардан шығарып, тиісті органдарға тапсырды.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Түркияда туристік автобус апатқа ұшырап, 8 адам көз жұмған болатын.