21:25, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Түркияда жаңа үкімет қалыптастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Ердоған жаңа премьер-министр Бинали Йылдырым ұсынған үкімет құрамын мақұлдады. Кабинет ішінара жаңарды, бірақ та басты экономикалық команда тұлғалары өз лауазымдарын сақтап қалды, деп хабарлады РБК.

«Бүгін ел президенті Режеп Ердоған бекіткен Түрік үкіметінің экономикалық командасының басты тұлғалары жаңа кабинеттегі өз лауазымдарын сақтап қалды», - деп хабарлады Reuters. Агенттік олардың айналысатын міндеттері әзірге белгіленген жоқ, деп атап өткен.
Атап айтқанда, бес вице-премьердің бірі болып, бұрынғы үкіметте экономикаға жауап берген Мехмет Шимшек тағайындалды. Сондай-ақ қаржы министрі Наджи Агбал өз орнын сақтап қалды.
Reuters агенттігінің мәліметтері бойынша, Ердоғанның жақын одақтасы болатын Нихат Зейбекджи экономика министрі қызметіне оралды. Ол өткен жылғы қараша айына дейін министрлік басшысы болды, ал одан кейін бұл қызметке Мұстафа Элиташ отырған болатын.