Түркияда жарылыс соңы сақшылар мен содырлар арасындағы атысқа ұласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Газиантен қаласында мина орнатылған көлік жарылып, бір полиция қызметкері қаза тапты. Жарылыстан 23 адам жарақат алған, деп хабарлады 24.kz.

Түркияда жарылыс соңы сақшылар мен содырлар арасындағы атысқа ұласты

Жарылыс полиция бөлімшесінің жанында болып, соңы сақшылар мен содырлар арасындағы атысқа ұласты.

Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ. Бұдан басқа, Нусайбин шаһарында 3 жауынгер ажал құшып, тағы 14-і жараланған. Бұл шабуылдар елде қызметіне тыйым салынған «Күрдістанның жұмысшы партиясына» қарсы әскери операция кезінде жасалған.