Түркияда жасы 50-ден асқан адамдар арасында ажырасу жағдайлары көбейген

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияда жасы 50-ден асқан азаматтар арасында ажырасу жағдайлары көбейген, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

 Түркияда жасы 50-ден асқан адамдар арасында ажырасу жағдайлары көбейген
Фото: yenisafak.com

Түркияның статистика институтының мәліметтерінше, 2024 жылы жасы 50-ден асқан адамдар арасында ажырасу жағдайлары көбейген. Соңғы уақытта қатты біліне бастаған бұл үрдіс қоғамның әлеуметтік, мәдени ұстанымдарының өзгере бастағанын көрсетеді.

Ресми статистикаға үңілетін болсақ, осы топтағы ажырасулар саны оның алдындағы жылдармен салыстырғанда 15% артқан.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жасы 50-ден асқан азаматтардың арасында отбасына деген көзқарастың өзгеруіне байланысты болып отыр.

2024 жылы жасы 50-ден асқан 55 595 адам ажырасқан болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай скен.

Ұзақ жылдар бойы бірге тұрып келген көптеген отбасылар бұдан әрі бір-бірімен үйлесімді өмір сүре алмайтынын жақсы түсіне бастайды. Бұған әлеуметтік, қаржылық жағдайдың оңала бастауы да әсер етеді.

Әлеуметтанушылар, жағдайды Түркияда өмірлік стандарттардың өзгере бастауымен   түсіндіріп отыр.

Бұрындары жасы ұлғайған адамдар арасында ажырасу жағдайлары сирек кездесетін. Қазір жасы 50-ден асқан адамдар арасында өзін қанағаттандырмайтын қарым-қатынастан бас тартып, жаңа өмір бастауға болады деп есептейтіндер көбейген.

Осыған дейін Түркияда медицина және косметология мақсатында сарышаян өсіруге рұқсат етілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар