Түркияда жауынгерді тиген оқтан iPhone құтқарып қалды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - iPhone 6s смартфоны тиген оқтың жылдамдығын азайтып түрік жауынгерін аман алып қалды деп жазады CNN Turkey.

Түркияда жауынгерді тиген оқтан iPhone құтқарып қалды (ФОТО)

Күрділердің жұмысшылар партиясының мүшелерімен атыс барысында тиген оқтан Мұстафа Бозоқлардың телефоны тесілген. Бұл оқиғаны естіген Түркия президенті сарбазға жаңа смартфон сыйлады.

Президенттің өкілі салтанатты жағдайда госпитальда жатқан жаралы жауынгерге жаңа телефонды табыстады.
null null null