Түркияда жер сілкінісінен кейін 100 сағаттан соң тірі қалған адамдар табылды
АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Түркияда зілзаладан кейін зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Өткен түні үйінде астында 100 сағаттан астам уақыт бойы тірі жатқан екі адам табылды, деп хабарлайды РБК.
Бірінші болып көпқабатты ғимарат үйіндісінің астында қалған ер адам, кейін Эрсис қаласындағы үйінді астында қалған 13 жасар бала табылды. 13 жастағы Ферхат Тоқай бейсенбі күні кешке табылған, алайда оны қирандылар арасынан аман алып шығу үшін бірнеше сағат керек болған.
Құтқарушылардың айтуынша, олардың денсаулығы қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Алайда осындай бақытты оқиғаларға қарамастан із-түссіз жоғалған тағы 185 адамның тағдыры әлі белгісіз, олардың тірі қалуына деген үміт жоқтың қасы. Сондықтан бірқатар аудандарда құтқару жұмыстары аяқталып, мамандар тірі қалғандарға көмекке аттанған.
Ресми мәліметтерге жүгінсек, 7,2 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 523 адамға жетті.