Түркияда жоғарғы сынып оқушылары мектеп бітіргенге дейін некеге отыруы мүмкін
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Білім министрлігі әзірлеген жаңа регламент бумасы күшіне енген жағдайда жоғарғы сынып оқушылары оқуын бітірмей-ақ үйленуі мүмкін, деп хабарлады AZE.az түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.
Түркияның білім министрлігі жоғары сынып оқушыларына қатысты ережелердің жаңа регламентін әзірлеуде. Онда бағаларға, сабақ жіберуге, сыныптан сыныпқа көшуге, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларға қатысты көптеген жаңа ережелер енгізілмек. Ережеде сондай-ақ әрбір мектептің өз аспазы, диетологы, бақ күтушісі, медбикесі және жүргізушісі болуы да көзделген.
Ережеде сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларының мектеп бітірмей-ақ некеге отыруын көздейтін тармақ та бар. Бұған дейінгі қазіргі қолданыстағы ережеде мектеп бітірмей жатып, некеге отырғандар мектептен шығарылатын.
Жаңа ережелер оқытушылар арасында елеулі дау тудырды. Олардың бірқатары мұндай норма Түркияда ерте неке отыру таралуын ұлғайтады деген уәж айтады.
Білім министрлігі жобаны білім беру үкіметтік емес, ұйымдарына және кәсіподақтарға олардың пікірін білу үшін жолдаған. Ведомство басшысы Омер Динчер әртүрлі ұйымдарға жіберілген реформалар бумасы алғашқы жоба екенн түсіндірді. Сондай-ақ министр өздерінің пікірін білдірудің орнына кейбір ұйымдар алдын ала мәтіннің баспасөзге жариялануына кейістік білдірді.
Журналистер алдында сөйлеген Динчер бұл жоба ғана екенін ескертіп, оны баспасөзде талқылаудың жөнсіздігін баса айтты. Ол түпкілікті нұсқа әзір болғаннан кейін тиісті ақпарат беріп, ережелерге енгізілетін өзгерістер жайлы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап қайтаратындығын мәлім етті.