Түркияда жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік провинциясындағы Хатайда жолаушылар автобусымен орын алған жол апатынан 6 адам ажал құшты.

Түркияда жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты

39 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, жүргізуші рульді басқара алмай, автобус аударылып кеткен.

Жолаушылардың басым бөлігі сириялықтар, деп хабарлады ТАСС.

Оқиға орнына жедел жәрдем жетіп, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Фото: ЕРА