Түркияда жол-көлiк апатына ұшыраған қазақстандыққа көмек көрсетіледі - ҚР СIМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Түркияда жол-көлiк апатына ұшыраған қостанайлыққа қолдан келер көмектiң барлығын жасайды. Бұл туралы бүгiн ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.
«Түркияда көлiк апатына ұшырап, ауыр халде жатқан азаматымыз қазiр ауруханада ес-түссiз жатыр. Түрiк медицинасының тәжiрибесiне сәйкес, ем ақысын медициналық сақтандыру компаниясы мен жол-көлiк оқиғасына кiнәлi тұлғалар көрсетедi. Бiз ауруханаға бардық, бiз қолдан келгеннiң барлығын жасаймыз», - дедi ресми өкiл.
Еске салайық, 9 маусым күнi Қазақстан азаматы Константин Иванов Памуккаледен Анталияға бара жатқан жерiнде жол-көлiк апатына ұшыраған болатын. Константинге дәрігерлер ашық бассүйек-ми жарақаты диагнозын қойды.