Түркияда жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті

АНКАРА .TREND-ҚазАқпарат - Түркияның Дюздже провинциясында жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат trend-ке сілтеме жасап.
None
Фото: trend.az

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 20 адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, полиция және жандармерия тартылды. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы ақпарат таратылмады. Жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары басталды.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысқан еді. Жол апатында қазақстандық туристер қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар