Түркияда зілзаладан бергі он үшінші күні 3 адам құтқарылды

ХАТАЙ. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 13-күні үйінді астынан үш адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда зілзаладан бергі он үшінші күні 3 адам құтқарылды

Қуанышты хабар сенбі күні Антакья қаласынан келді, онда құтқарушылар Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шүкру Канатлы кварталындағы үй орнын қазған.

Жерасты дүмпулерінен кейін 296-сағатта ер адам, әйел және бала құтқарылды, олардың аты-жөні әлі анықталмаған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жіберілді.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Қазіргі уақытта Түркияда зілзала құрбандарының саны 39,6 мыңнан асты.

Фото: aa.com.tr