Түркиядағы 16 провинцияның полиция басшылары қызметінен босатылды
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркия билігі жемқорлық дау-дамайы аясында 16 провинциядағы полиция басқармаларының басшыларын қызметтен босатты. Тиісті дектертті елдің ІІМ-і шығарды.
Отставкаға жіберілген тәртіп сақшыларының ішінде бірнеше ірі қалалар мен провинциялардың басшылары бар, оның ішінде Анкара, Измир, Анталья және Диярбакыр шаһарларындағы лауазымды қызметкерлер.
Жемқорлыққа қарсы ірі операцияның нәтижесі бойынша жақында Түркия астанасы Анкарада қызметінен 350 полиция қызметкері босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның аяғына қарай жемқорлық тұрғысындағы іспен балалары ұсталған үш министр отставкаға кеткен болатын.
Сол кезде Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайып Ердоған бұл тергеуді өзінің үкіметіне қарсы «астыртын әрекет» деп мәлімдеген еді.