Түркиядағы автобус апатынан 10 турист жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Анталья-Кемер тас жолының бойындағы апаттан 10 ресейлік азамат зардап шекті. Олар жеңіл-желпі жарақат алған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Түркиядағы автобус апатынан 10 турист жарақат алды

Жапа шегушілердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Оқиға Белдиби курорттық кентінің маңындағы Анталья-Кемер тас жолында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Ресейдің Волгоград қаласынан 22 азамат мінген автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан, автобус жол шетіне шығып кетіп, жыраға құлап, аударылып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, он адам жеңіл-желпі жарақаттар алған. Бір жолаушының бұғанасы сынған. Сондай-ақ 2008 жылы туған бала ауруханаға жатқызылған. Қалған туристер қонақүйлеріне жеткізілген. Полиция қызметкерлері болған жайтқа байланысты тергеу амалдарын жүргізуде. Апаттың нақты себептері тергеу ісі аяқталған соң белгілі болмақ.