Түркиядағы Диярбақырдағы жарылыс 3 полицейдің өмірін қиып кетті
АСТАНА.ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік шығысындағы Диярбақыр қаласында болған жарылыстан қаза тапқан полицейлердің саны үш адамға жетті, тағы үш полиция қызметкері жарақаттанған, деп хабарлады дүйсенбіде NTV телеарнасы.
Бұдан бұрын түркілік БАҚ: "жарылысқа жолға қойылған және полиция көлігі өтіп бара жатқан кезде қашықтан іске қосылған қолдан жасалған бомба себеп болды", деп хабарлаған еді.
Төтенше жағдай қаладағы Сур ауданында жергілікті университеттің жанында орын алды.