Түркиядағы Джумалыкызык пен Пергама ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар Мемлекетінің астанасы Дохадағы Халықаралық конгресс орталығында өткен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің 38-съезінде Түркияның Османлы империясының қалыптасу орны болып табылатын Бурсадағы Джумалыкызык және Көп қабатты мәдени-тарихи пейзаж алаңы болып табылатын Измирдегі Пергама орындарын дүниежүзілік мұра тізіміне қабылдауға шешім қабылданды.

Түркиядағы Джумалыкызык пен  Пергама ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Османлы империясының бірінші астанасы болған және империяның қалыптасу кезеңіне қатысты көптеген тарихи ескерткіштерді сақтап қалған Бурса, бүгінде өзінің индустриясымен, табиғи көрікті жерлерімен алдыңғы қатардан көрінуде. Бурсаның 700 жылдық тарихына ие Джмуалыкызык өңірі, Османлы кезеңінің дәстүрлі сәулетін күні бүгінге дейін сақтап қалғандығы назар аудартады.

Атап айтар болсақ, дүниежүзілік мұра тізіміне «Османлы империясының қалыптасу орны» болып енген Бурса мен Джумалыкызык алты тарихи кешеннен тұрады: Орхангазы кешені мен сол аймақты өз алаңына еңгізетін Ханлар өңірі, Худавендигар (1-ші Мурад) кешені, Йылдырым (1-ші Баязид) кешені, Иешиль (1-ші Мехмед) кешені, Мурадие (2-ші Мурад) кешені және Джумалыкызык ауылы.

Аталмыш тізімге еңгізілген келесі мәдени мұра Измир - Пергама. Өзінің тарихи мұрасымен, байлығымен Измирдің тарихына ашылған есік болып саналатын Пергама - антикалық кезеңде Пергамон аталып, Эллинистикалық кезеңнің аса маңызды мәдени және өнер орталықтарының бірі болған. Эллинистикалық кезеңдегі ең үлкен кітапханалардың бірі орналасқан Пергама, мәдени пейзаж санатында тізімге алынды. Пергама 9 тарихи кешеннен тұрады: эллинистикалық, римдік, шығысримдік және Османлы кезеңі, акрополь, жеті қорған және сонымен бірге Кыйбеле киелі орны.